Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 5) тармақшасына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комиссиясының 2021 жылғы қантар айының 5 күнгі № 117-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Көкшетау қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ң өнімдердің сәйкестігін растау жөніндегі органының 2019 жылдың шілде айының 01 күні берілген № KZ.О.01.0317 (№1 қосымшасымен) аккредиттеу аттестатын Ақмола филиалының қызметі бөлігі бойынша қайтарылып алынсын.
2. «ҰАО» ЖШС-ң талдау және мониторинг Департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-ң веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-ң Бас директорының орынбасары Е.С. Мұхтарға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

