Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және
2021 жылғы 20 қыркүйектегі аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 492 және 493 хаттамалары негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ҚР СТ ISO 15189-2015 «Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес келесі аккредиттеу субъектісі аккредиттелсін:
«UNIVERSITY MEDICAL CENTER» корпоративтік қорының Зертханалық медицина, патология және генетика департаментінің клиникалық-академиялық Зертханалық медицина бөлімі, Нұр-Сұлтан қ.
2. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес:
2.1 Келесі ұйымдардың сынақ зертханалары аккредиттелсін:
«Қазақстандық аграрлық сараптама» АҚ Түркістан филиалының сынақ орталығы, Түркістан облысы, Жетісай қ., Қызылорда облысы, Қызылорда қ.
«Summit Atom Rare Earth Company» ЖШС сынақ зертханасы, Степногорск қ.;
«Қамқор Вагон» ЖШС «Өскемен вагон жөндеу депосы» филиалының бұзбайтын бақылау цехі сынақ зертханасы, Өскемен қ.
3. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
3.1 Келесі аккредиттеу субъектінің аккредиттеу саласының кеңейтуіне байланысты:
«Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КЕАҚ сынақ орталығы, Орал қ.;
«Темір жол көлігіндегі қазақстандық сертификаттау орталығы» ЖШС сынақ орталығы, Екібастұз қ.;
«КазАзот» ЖШС сынақ орталығы, Ақтау қ.
3.2 Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты:
«Қазгидромедь» ЖШС Инновациялық технологиялар ғылыми-зерттеу орталығының сынақ зертханасы, Қарағанды қ.;
«Mangystau Oil Refining» ЖШС сынақ зертханасы, Ақтау қ.
3.3 Келесі аккредиттеу субъектінің қайта ұйымдастыруына байланысты:
«Алматынефтехим А» ЖШС сынақ зертханасы, Атырау қ. атауы «Атырау мұнай-химия компаниясы» ЖШС сынақ зертханасы, Атырау қ. атауына өзгеруіне байланысты.
3.4 Келесі аккредиттеу субъектілерінің мекен жайы атауының өзгеруіне байланысты:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының сынақ орталығы, Қарағанды қ.;
«ЭКО DEUCE» ЖШС экологиялық зертханасы, Алматы қ.
4. «ҰАО» ЖШС-ң Құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың жоғарыда айтылған 1 және 2 тармақтарда көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттар жасасын.
5. «ҰАО» ЖШС талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары Е.С. Мұхтарға жүктелсін.
7. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

