Тәжікстан Республикасы, Ходжант қ., Тәжікстан Республикасы Үкіметіндегі Тәжікстандарт Агенттігінің Согдий стандарттау, метрология, сертификаттау және сауда инспекциясы орталығының тағамдық және ауылшаруашылық өнімдерінің, минерал тыңайтқыштарының және бактериология сынақ зертханасының аккредиттеу аттестатын қайтарып алу туралы
Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комиссиясының 2021 жылғы 20 қыркүйектегі № 488-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1.Тәжікстан Республикасы, Ходжант қ., Тәжікстан Республикасы Үкіметіндегі Тәжікстандарт Агенттігінің Согдий стандарттау, метрология, сертификаттау және сауда инспекциясы орталығының тағамдық және ауылшаруашылық өнімдерінің, минерал тыңайтқыштарының және бактериология сынақ зертханасының 2018 жылғы 2 ақпанда берілген № KZ.T.00.1309 аккредиттеу аттестаты қайтарылып алынсын.
2.«ҰАО» ЖШС-ң талдау және мониторинг Департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-ң веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары Е.С. Мұхтарға жүктелсін.
7. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

