Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2022 жылғы 18 тамыздағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 513 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1.ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) «Almaty Qurylys Zertkhanasy» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Алматы қ.;
2) «КазАвтоЭксперт» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Алматы қ.;
3) «S&T-STANDART» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылы;
4) «Қамқор Локомотив» ЖШС-ң «Тараз локомотив жөндеу депосы» филиалының тексеру зертханасы, Тараз қ.
2. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты «Астанасертификация» ЖШС-ң сынақ зертханасына, Нұр-Сұлтан қ. аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
3. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты «Industrial Expert» инженерлік-техникалық орталығы ЖШС-ң сынақ зертханасына, Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Мичурин а. о., Асан ауылы, аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
4. Мекен жай атауының өзгеруіне байланысты «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ң «Семей» филиалының калибрлеу зертханасының, Семей қ. аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
5. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Ұлттык аккредиттеу орталығы) аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті осы бұйрықтың 1 тармағында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
6. Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Мұхтар Е.С. жүктелсін.
8. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

