Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комиссиясының 2020 жылғы қазан айының 07 күнгі № 86-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Алматы қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ң менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органының 2019 жылдың шілде айының 01 күні берілген № KZ.Q.01.0318 (№1 қосымшасымен) аккредиттеу аттестатын Алматы филиалының қызметі бөлігі бойынша қайтарылып алынсын.
2. «ҰАО» ЖШС-ң талдау және мониторинг Департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-ң веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-ң Бас директорының орынбасары В.А. Томасевичке жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

