«Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республиқасы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңның 22-бабына сәйкесжәне 2020 жылғы 12 қазандағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 89 хаттамасы негізінде,БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
1.1 ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты:
Жамбыл облысы, «Амангелді Газ» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Алматы облысы, «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-ң сынақ орталығы;
Орал қ., «ИНТЕК-ОНМР» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Петропавл қ., «Ресей темір жолы» ашық акционерлік қоғамының Оңтүстік-Орал темір жолы - Петропавл бөлімі филиалының құрылымдық бөлімшесі Петропавл электрмен жабдықтау дистанциясының салыстырып тексеру зертханасы;
Петропавл қ., «Ресей темір жолы» ашық акционерлік қоғамының Оңтүстік-Орал темір жолы - Петропавл бөлімі филиалының құрылымдық бөлімшесі Петропавл жол дистанциясының салыстырып тексеру зертханасы;
Атырау қ., «Urker Engineering, Procurement and Construction» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
Қарағанды облысы, Теміртау қ., «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ң Орталық метрологиялық зертханасының калибрлеу зертханасы;
Ақтөбе қ., «Комплекс-К» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Орал қ., «Жаңа Консалтинг ЛТД» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Баку қ., «Optimum Metrology Services» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
Баку қ., «Optimum Metrology Services» ЖШС-ң калибрлеу зертханасы;
Атырау қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ң Атырау филиалының салыстырып тексеру зертханасы;
Павлодар қ., «Integra Construction KZ» ЖШС-ң филиалы –«Солтүстік дирекциясы» техникалық диагностика зертханасы;
Атырау қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ң Атырау филиалының калибрлеу зертханасы.
2. «ҰАО» ЖШС-ң талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-ң веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары осы бұйрықта көрсетілген аккредиттеу субъектілеріне берілсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-ң Бас директорының орынбасары В.А. Томасевичке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

