Алматы қ., «ҒЗО Алматы – Стандарт» ЖШС сынақ орталығының «Ағаш өңдеу тауарлары, жиһаз өнімдері» 5-бөлімінде көрсетілген объектілер бойынша аккредиттеу саласының бөлігін уақытша жарамсыз деп тану туралы.
Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының
2) тармақшасына сәйкес және 2022 жылғы 18 тамыздағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 15-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Алматы қ. «ҒЗО Алматы – Стандарт» ЖШС сынақ орталығының 2021 жылдың 30 маусымында берілген № KZ.T.02.E0367 «Ағаш өңдеу тауарлары, жиһаз өнімдері» деген 5-бөлімде көрсетілген объектілер бойынша аккредиттеу саласының бөлігін уақытша жарамсыз деп танылсын.
2.«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
4.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Мұхтар Е.С. жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

