Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 4 тармағына
сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комиссиясының 2023 жылғы қыркүйек айының 18 күнгі № 16-В хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1.Алматы қ. «STD products» ЖШС өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі органының 01.09.2020 жылы берілген № KZ.О.02.0683 аккредиттеу аттестатын қайта жаңартудан бас тартылсын.
2. Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті интернет-ресурсына тиісті ақпаратты орналастырсын.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
