«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 22.08.19 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС аккредиттеу жөніндегі орган басшысымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8.1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2020 жылғы 2 қазаннан 2021 жылғы 2 қаңтарға дейін ұзартылсын:
Ақтөбе қ., «Ақтөбе ғылыми-зерттеу геологиялық барлау мұнай институты» ЖШС сынақ зертханасының KZ.И.05.1004 аккредиттеу аттестаты;
Ақтөбе қ., «Ақтөбе рельсті-арқалықты зауыт» ЖШС орталық зауыт зертханасының KZ.T.05.1653 аккредиттеу аттестаты;
Алматы қ., Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалының сынақ орталығының KZ.T.02.0923 аккредиттеу аттестаты.
2. Аккредиттеу туралы куәліктердің қолданылу мерзімін аккредиттеуден кейінгі келісімнің 8.2-тармағына сәйкес келесі аккредиттеу субъектілерінің 2020 жылғы 2 қазаннан бастап 2020 жылғы 27 қарашаға дейін ұзартыңыз:
Астана қ., «G-Certico» G-С ЖШС менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органының KZ.Q.01.0938 аккредиттеу аттестаты;
Ақтау қ., Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазгидромет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Маңғыстау облысы бойынша филиалы «Ақтау теңіз порты» ЕЭА экология бекетінің сынақ зертханасының KZ.T.13.0869 аккредиттеу аттестаты;
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл облыстық филиалының сынақ зертханасы және құрылымдық бөлімшесі - Қордай аудандық ветеринариялық зертханасы KZ.T.08.0751 аккредиттеу аттестаты;
Астана қ., "СтройДевелопмент" ЖШС-нің KZ.T.01.1625 аккредиттеу аттестаты;
Павлодар облысы, Ақсу-1 қ., «Қазхром» Трансұлттық компаниясы» АҚ филиалы – Ақсу ферроқорытпа зауытының салыстырып тексеру зертханасы КZ.П.14.0697 аккредиттеу аттестаты;
Қарағанды қ., «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының Қарағанды мұнай құбыры басқармасының салыстырып тексеру зертханасының KZ.P.10.1626 аккредиттеу аттестаты ұзартылсын.
3. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасары Қ.Тайжановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2020 жылғы 2 қазаннан бастап туындайтын қатынастарға таралады.

