«Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 193-бабы 7-тармағының 2) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 маусымдағы № 439 қаулысына сәйкес және Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 430 бұйрығымен бекітілген аккредиттеуден кейінгі үлгілік шарттың 8-тармағы негізінде, БҰЙЫРАМЫН:
1. Алматы қ. «Электромагниттік және хабарлар жүйелерінің қауіпсіздігінің ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС сәйкестікті растау жөніндегі органы KZ.О.02.0091 аккредиттеу туралы куәлігінің қолданылу мерзімі 2021 жылдың 21 қыркүйектен бастап 2021 жылдың 05 қарашаға дейін ұзартылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектіні хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бірінші бас директордың орынбасары Е. Мұхтарға жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

