Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМК) Аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі комиссиясының 2026 жылғы 15 шілдедегі № 23-О хаттамасы негізінде, БҰЙЫРАМЫН:
-
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, «Болат-Жол» ЖШС-нің салыстырып тексеру зертханасының 15.06.2022 жылғы № KZ.P.06.E1093 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын «06-шы өлшем түрі» бойынша аккредиттеу саласының бөлігі уақытша жарамсыз деп танылсын.
-
«ҰАО» РМК-ның Мониторинг және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне тиісті ақпаратты енгізсін.
-
«ҰАО» РМК-ның Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
-
Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектісін қабылданған шешім туралы хабардар етсін.
-
Осы бұйрықтың орындалуын бақылау 2-3 тармақтар бойынша - «ҰАО» РМК-ң Бас директорының орынбасары А. Мамбетаевқа, 4 тармақ бойынша – «ҰАО» РМК-ң аппарат басшысы А. Арыстанбаевқа жүктелсін.

