Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабының 5-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын:
1) Ақтау қ., «КазСерт Актау» ЖШС сынақ зертханасының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № KZ.T.13.2618 аккредиттеу аттестаты;
2) «МЫРЗА-ХАН» ЖШС Қостанай филиалы медициналық зертханасының 2023 жылғы 28 қарашадағы № KZ.M.11.2126 аккредиттеу аттестаты;
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК сынақ зертханасының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № KZ.T.10.0233 аккредиттеу аттестаты;
4) «СВА ИНТЕРТИЧ» ЖШС медициналық зертханасының 2021 жылғы 21 қазандағы № KZ.M.09.E0793 аккредиттеу аттестаты.
2. Құқықтық және кадр жұмысы басқармасы үш жұмыс күні ішінде бұл туралы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне жазбаша хабардар етсін.
3. Мониторинг және талдау басқармасы тиісті ақпаратты Аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін.
4. Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК веб-сайтында орналастырсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

