Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22-баптарына сәйкес және «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМК) аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссия отырысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 337 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі ұйымдар «Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар» СТ РК ISO 15189-2023 талаптарына сәйкес аккредиттелсін:
1) Астана қ., «Аллергоскрин» ЖШС медициналық зертханасы;
2) Алматы қ., «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының Ұлттық госпиталі» ШЖҚ РМК клиникалық-диагностикалық зертханасы;
3) Шымкент қ., «Қалалық диагностикалық орталық» ШЖҚ МКК ДСБ орталықтандырылған медициналық зертханасы.
2. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес:
1) Қарағанды қ., «Уральская торгово-промышленная компания» ЖШС филиалының сынақ зертханасы;
2) Алматы облысы, Іле ауданы, Алатау қ., «Научно-технический центр «ЕСКЕР»» ЖШС сынақ зертханасы;
3) Қонаев қ., «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Алматы облысы бойынша ҚР ДСМ СЭБК филиалының сынақ орталығы;
4) Алматы қ., Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының молекулалық генетика зертханасы;
5) Талдықорған қ., «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Талдықорған филиалының калибрлеу зертханасы;
6) Ақтөбе қ., «Aktobe Gas Innovations» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы
7) Шымкент қ., «Қазгидромет» ШЖҚ РМК ҚР ЭТРМ Түркістан облысы бойынша филиалының табиғи ортаның ластануына мониторинг жүргізу зертханасы;
8) Атырау қ., «АТЫРАУИНЖСТРОЙ-АИС» ЖШС сынақ зертханасы;
9) Семей қ., «Финансово-инвестиционная корпорация «АЛЕЛ»» АҚ орталық зертханасы;
10) Түркістан қ., «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Түркістан облысы бойынша ҚР ДСМ СЭБК филиалы Түркістан қалалық бөлімшесінің сынақ орталығы;
11) Алматы қ., «KazNDT» ЖШС сынақ зертханасы;
12) Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылы, «ЖОЛ» ЖШС сынақ зертханасы;
13) Атырау қ., «Эмбагеодезия» ЖШС сынақ зертханасы;
14) Орал қ., «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Батыс Қазақстан филиалының салыстырып тексеру зертханасы;
15) Алматы қ., «Казахский научно-исследовательский институт почвоведения и агрохимии имени У.У.Успанова» ЖШС сынақ зертханасы.
3. Алматы қ., «Центр стандартизации и сертификации» ЖШС өнімнің сәйкестігін растау органы «Сәйкестікті бағалау. Өнімді, процестерді және қызметтерді сертификаттау органдарына қойылатын талаптар» ГОСТ ISO/IEC 17065-2013 талаптарына сәйкес аккредиттелсін.
4. Орал қ., «EnEco Solutions» ЖШС парниктік газдарды валидациялау және верификациялау органының мекенжай атауының өзгеруіне байланысты аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін.
5. Келесі ұйымдардың орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
1) Алматы қ., «GeoTechlab» ЖШС сынақ зертханасы;
2) Атырау қ., «Сервисное буровое предприятие «КазМунайГаз - Бурение»» ЖШС сынақ зертханасы;
3) Алматы қ., «Научно-технический инженерный центр» ЖШС сынақ зертханасы.
6. Келесі ұйымдардың аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
1) Павлодар қ., «МЕДТЕХНИКА-ПВ» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы;
2) Алматы қ., «QAZ EXPERT SM» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің салыстырып тексеру зертханасы;
3) Алматы қ., «Сапа Интерсистем» ЖШС ИО химиялық өнімнің сынақ зертханасы;
4) Ақтау қ., «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК ҚР СЭБК Маңғыстау облысы бойынша филиалының медициналық зертханасы;
7. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
1) Тараз қ., «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Жамбыл филиалының сынақ орталығы;
2) Петропавл қ., «Российские железные дороги» ААҚ филиалы – Оңтүстік Орал темір жолы Петропавл бөлімшесінің Петропавл электрмен жабдықтау қашықтығының салыстырып тексеру зертханасы;
3) Астана қ., «Тепло KZ» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы;
4) Ақтау қ., Атырау қ., «Мұнай және газ ғылыми-зерттеу және жобалау институты» (НИПИнефтегаз) АҚ ғылыми-зерттеу зертханалық орталығы
8. «Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар» СТ РК ISO 15189-2023 стандартына көшуге байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
1) Астана қ., «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» ШЖҚ РМК РРЛСК медициналық зертханасы;
2) Ақтөбе қ., «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Ақтөбе облысы бойынша ҚР ДСМ СЭБК филиалының медициналық зертханасы;
3) Атырау қ., «QazGene» ЖШС Атырау филиалының «ПЦР-зертханасы» медициналық зертханасы;
4) Тараз қ., «МЫРЗА-ХАН» ЖШС Жамбыл филиалының «ОЛИМП» КДЗ;
5) Алматы қ., «Дерматология және инфекциялық аурулар қазақ ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК ҚР ДСМ медициналық зертханасы;
6) Астана қ., «ИЖТБ инфекциясының алдын алу орталығы» МКҚК медициналық зертханасы;
7) Форт-Шевченко қ., «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Маңғыстау облысы бойынша филиалы Түпқараған аудандық бөлімшесінің медициналық зертханасы;
8) Көкшетау қ., «МЫРЗА-ХАН» ЖШС Ақмола филиалының «ОЛИМП» КДЗ;
9) Шетпе ауылы, «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Маңғыстау облысы бойынша филиалы Маңғыстау аудандық бөлімшесінің медициналық зертханасы;
10) Жаңаөзен қ., «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Маңғыстау облысы бойынша филиалы Жаңаөзен қалалық бөлімшесінің медициналық зертханасы;
11) Алматы қ., «Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК ҚР ДСМ «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалының медициналық зертханасы;
12) Өскемен қ., «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының медициналық зертханасы;
13) Астана қ., «MЕDILAB IMMUN.KZ» ЖШС медициналық зертханасы.
9. «ҰАО» РМК Құқықтық және кадр жұмысы басқармасы осы бұйрықтың 1, 2, 3-тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілерімен аккредиттеуден кейінгі шарттар жасассын.
10. «ҰАО» РМК мониторинглеу және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты еңгізілсін.
11. «ҰАО» РМК Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
12. Осы бұйрықтың 9-тармағының орындалуын бақылау аппарат басшысы М.Б. Копабаевқа, 10, 11-тармақтарының орындалуын бақылау Бас директордың орынбасары А.О. Мамбетаевқа жүктелсін.
13. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

