Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 2 тармақшасына сәйкес және 2024 жылғы 20 тамыздағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 57-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Алматы қ., «MACHINERY TEST QZ» ЖШС-ң сынақ орталығының 23.12.2022 жылы берілген № KZ.T.02.2442 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын «ТР ТС 018 (СБКТС)» бойынша аккредиттеу саласының бөлігі уақытша жарамсыз деп танылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Цифрландыру департаменті осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
4. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

