Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңына сәйкес және 2018 жылғы қараша айының 20 күнгі
№ 68 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 талаптарына сәйкес сынақ зертханасы (әрі қарай - СЗ) ретінде Атырау облысы, Жылыой ауданы, Теңіз кен орнындағы «Нефтестройсервис ЛТД» ЖШС-ң СЗ аккредиттелсін.
2. ГОСТ ISO/IEC 17065-2013 талаптарына сәйкес сәйкестікті растау жөніндері орган ретінде (әрі қарай - СРО) Алматы қ., «Центр сертификации «Единый Стандарт» ЖШС-ң СРО аккредиттелсін.
3. Келесі аккредиттеу субъектілерінің акредиттеу аттестаттары қайта рәсімделсін:
3.1 аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты:
«Узстандарт» Агенттігінің «Самаркандский центр испытаний и сертификации» мемлекеттік кәсіпорнының Автокөлік құралдары және олардың бөліктерінің сынақ зертханасы, Самарканд қ.;
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің зертханалық-аналитикалық бақылау бөлімінің сынақ зертханасы, Тараз қ.;
«KazTehService» ЖШС-ң СТЗ, Алматы қ.
4. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімі жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттарға қол қойылсын.
4.1 «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары берілсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

