«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 22.08.2019 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС аккредиттеу жөніндегі орган басшысымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8.1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Центр экспертизы (испытаний) и сертификации пиротехнических изделий» (ЦЭкСПИ) ЖШС cәйкестікті растау жөніндегі орган 2016 жылдың 26 қаңтардағы № KZ.О.02.0939 аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2021 жылғы 26 қаңтардан бастап 2021 жылғы 26 сәуірге дейін ұзартылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасары Е. Мұхтарға жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 2021 жылғы 26 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

