«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК Бас директорының бірінші орынбасарының 2026 жылғы 17 маусымдағы № 894-ОД «Аккредиттеу саласының бір бөлігін уақытша жарамсыз деп тану туралы» бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19 және 22-баптарына сәйкес және «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМК) Аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі комиссиясының 2026 жылғы 13 шілдедегі № 22-О хаттамасының негізінде БҰЙЫРАМЫН:
-
«ҰАО» РМК Бас директорының бірінші орынбасарының 2026 жылғы 17 маусымдағы № 894-ОД «Аккредиттеу саласының бір бөлігін уақытша жарамсыз деп тану туралы» бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
-
Мониторинг және талдау басқармасы Аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне тиісті ақпаратты енгізсін.
-
Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК-ның интернет-ресурсында орналастырсын.
-
Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын өзіме қалдырамын.

