«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК Бас директордың бірінші орынбасарының «Аккредиттеу аттестаттарын қайта ресімдеу және қайта жаңарту, сондай-ақ аккредиттелген субъектілерді ЕАЭО сәйкестікті бағалау органдарының бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігіне енгізу туралы» 2026 жылғы 19 маусымдағы № 913-ОД бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО») РМК аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның отырысының 2025 жылғы 13 шілдедегі № 32 хаттамасының 27-тармағы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
-
«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі - «ҰАО» РМҚ) Бас директорының Бірінші орынбасарының «Аккредиттеу аттестаттарын қайта ресімдеу және қайта жаңарту, сондай-ақ аккредиттелген субъектілерді ЕАЭО сәйкестікті бағалау органдарының бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігіне енгізу туралы» 2026 жылғы 19 маусымдағы 913-ОД бұйрығына (бұдан әрі – бұйрық) келесі көрсетілген өзгерістер енгізілсін:
Бұйрықтың 8-тармағы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«8. ЕАЭО сәйкестікті растау жөніндегі органдарының бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігіне Ақтөбе қ., «ТехАвтоЛаб» ЖШС-нің инспекциялық органы (20.04.2026 жылғы № KZ.I.05.3076 аккредиттеу аттестаты) енгізілсін.».
-
«ҰАО» РМК-ң мониторинглеу және талдау басқармасы ЕАЭО сәйкестікті растау жөніндегі органдарының бірыңғай тізімнің ұлттық бөлігіне тиісті ақпаратты еңгізсін.
-
«ҰАО» РМК-ң цифрландыру бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
-
Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды «ҰАО» РМК-ң Бас директордың орынбасары А. О. Мамбетаевқа жүктелсін.
-
Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

