Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комиссиясының 2020 жылғы қыркүйек айының 25 күнгі № 81-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Қостанай қ., «Казлабсервис» ЖШС-ң медициналық зертханасының 2019 жылдың тамыз айының 27 күні берілген
№ KZ.M.11.2254 аккредиттеу аттестаты қайтарылып алынсын.
2. «ҰАО» ЖШС-ң талдау және мониторинг Департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-ң веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-ң Бас директорының орынбасары В.А. Томасевичке жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

