Ақтөбе қ., «Актобе Промсанитария» ЖШС-ң сынақ зертханасының аккредиттеу саласының табиғи су (жерүсті-жерасты), ауыз су, сарқынды су, топырақ, жер қыртысы, жылыжай жер қыртысы, өндіріс қалдықтары (құрамында кені бар жыныстар), бұрғылау шламы және түптік шөгінділер - өнімдер бойынша бөлігін уақытша жарамсыз деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының
2) тармақшасына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комиссиясының 2020 жылғы қыркүйек айының 25 күнгі аккредиттеу № 81-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1.Ақтөбе қ., «Актобе Промсанитария» ЖШС-ң сынақ зертханасының 2017 жылдың қазан айының 5 күні берілген
№ KZ.T.05.1940 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын аккредиттеу саласының табиғи су (жерүсті-жерасты), ауыз су, сарқынды су, топырақ, жер қыртысы, жылыжай жер қыртысы, өндіріс қалдықтары (құрамында кені бар жыныстар), бұрғылау шламы және түптік шөгінділер - өнімдер бойынша бөлігі уақытша жарамсыз деп танылсын.
2.«ҰАО» ЖШС-нің талдау және мониторинг Департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
3.Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрлігінің
Техникалық реттеу және метрология Комитетін хабардар етсін.
4.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-ң Бас директорының орынбасары В.А. Томасевичке жүктелсін.
5.Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

