«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі 884-бабын, «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 26-бабының 7-тармағын басшылыққа ала отырып,
БҰЙЫРАМЫН:
1. Мониторингтеу және талдау департаментіне Нұр-Султан қ., «Качество» өндірістік кооперативінің сынақ зертханасы 2020 жылдың
15 сәуірдегі № KZ.Т.01.0830 аккредиттеу аттестаты қосымшасы болып табылатын аккредиттеу саласының «Асфальтбетон және қиыршықтас-мастикалық асфальтбетон, қиыршықтас-мастикалық полимерлі асфальтбетон аэродромы мен қиыршық тас-мастикалы полимерлі асфальтбетон қоспалары» 2021 жылдың 21 науырызына дейін тоқтату туралы сәйкесінше ақпаратты Аккредиттелген субъектілер тізіліміне енгізсін және оны «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-ң веб-сайтына орналастырсын.
2. Құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті тиісті шаралар қабылдау үшін аккредиттеу субъектінің анықталған бұзушылықтары туралы ақпаратты аккредиттеу бойынша комиссияға жіберсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын Бас директордың орынбасары В.А. Томасевичке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді

