«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес,
БҰЙЫРАМЫН:
-
Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2025 жылғы 1 қыркүйектен 2025 жылғы 1 желтоқсанға дейін ұзартылсын:
- Алматы қ., «Производственная фирма «Взлет-Казахстан»» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.02.2373 аккредиттеу аттестаты;
- Астана қ., «M-Company KZ» ЖШС менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау органының № KZ.Q.01.0996 аккредиттеу аттестаты;
- Талдықорған қ., «Темирбетон» ЖШС сынақ орталығының № KZ.Т.04.0746 аккредиттеу аттестаты;
- Алматы облысы, «Лукойл Лубрикантс Центральная Азия» ЖШС сынақ зертханасының № KZ.T.04.2361 аккредиттеу аттестаты;
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК Қарағанды облыстық филиалы сынақ зертханасының № KZ.T.10.0799 аккредиттеу аттестаты.
- «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторинглеу және талдау басқармасы тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
- «ҰАО» РМК Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК веб-сайтына орналастырсын.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ның Бас директордың орынбасары А. Мамбетаевқа жүктелсін.
- Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

