Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының
3-1) тармақшасына сәйкес және 2023 жылғы 06 ақпандағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 5-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Астана қ. «Астана қаласы бойынша экология департаменті» РММ зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің сынақ зертханасының 21.01.2018 жылы берілген № KZ.T.01.1039 «сарқынды сулар» және «табиғи (жер үсті) су» өнімдері бойынша аккредиттеу саласының бір бөлігі уақытша жарамсыз деп танылсын.
2.«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
4.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Айтышев М.К. жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

