Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 4 тармағына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комисиясының 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 464-В хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1 Қостанай қ., «Диагностика KST-2012» ЖШС-ң сынақ зертханасының 2017 жылдың қазан айының 27 күні берілген № KZ.T.11.1952 аккредиттеу аттестаты қайты жаңғыртылсын.
2. «ҰАО» ЖШС талдау және мониторинг Департаменті «ҰАО» ЖШС веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция Министрлігінің Техникалық реттеу және метрология Комитетін хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары Е.С. Мұхтарға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

