Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2022 жылғы 11 тамыздағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының
№ 498 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ISO/IEC 17024-2012 «Сәйкестікті бағалау. Персоналды сертификаттауды жүзеге асыратын органдарға қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес «МонСертф» ЖШҚ-ң персонал сәйкестігін растау жөніндегі органы, Ұлан-Батор қ. аккредиттелсін.
2.ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) «НұрТұрсын» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Тараз қ.;
2) «Уральский Каздорпроект» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Орал қ.;
3) «ЗаманКвантор» ЖШС-ң калибрлеу зертханасы, Атырау қ.
3. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты аккредиттеу аттестаты келесі ұйымдарға қайта ресімделсін:
1) «МонСертф» ЖШҚ-ң менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органы, Ұлан-Батор қ.
2) «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ң «Семей» филиалының сынақ орталығы, Семей қ.;
3) «Инжтехсервис» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы, Атырау облысы, Жылыой ауданы, Теңіз кен орны.
4. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Ұлттык аккредиттеу орталыгы) құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың 1 және 2 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
5. Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Мұхтар Е.С. жүктелсін.
7. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бұйрық № 1043-ОД 11.08.2022 Аккредиттеу және аккредиттеу аттестаттарын қайта рәсімдеу туралы
Оформите заявку на сайте, мы свяжемся с вами в ближайшее
время и ответим на все интересующие вопросы.

