Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2023 жылғы 06 ақпандағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 38 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17043-2013 «Сәйкестікті бағалау. Біліктілікті тексеруді жүргізуге қойылатын негізгі талаптар» талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» ШЖҚ РМК біліктілікті тексеру провайдері, Астана қ. аккредиттелсін.
2. ҚР СТ ISO 15189-2015 «Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес «ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қызылорда облыстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының диагностикалық зертханасы / медициналық зертханасы, Қызылорда қ. аккредиттелсін.
3. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) «StroyLab2020» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Астана қ.;
2) Батыс Қазақстан облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалының сынақ зертханасы, Орал қ.;
3) «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КЕАҚ-ң инженерлік бейіндегі зертханасы / сынақ зертханасы, Астана қ.;
4) Металдарды дәнекерлеу және бақылау сынақ зертханасы және «ARDCON (АРДКОН)» ЖШС мобильді сынақ зертханасы, Қарағанды қ.;
5) «НПО «ТАУ» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Алматы қ.;
6) Жабдықтарды техникалық бақылау және диагностикалау сынақ зертханасы және «АЗКА КОНСАЛТИНГ-СЕРВИС» ЖШС мобильді сынақ зертханасы, Алматы қ.;
4. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) «Buzachi Operating Ltd» (Бозашы Оперейтинг Лтд) компаниясы филиалының сынақ зертханасы, Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Таушық ауылы, Солтүстік Бозашы м.;
2) «НПО Дефектоскопия» ЖШС-ң металдарды дәнекерлеу және бақылау стационарлық / мобильді сынақ зертханасы, Қарағанды қ.;
3) «VB Белес» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Орал қ.
5. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Ұлттык аккредиттеу орталығы) аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті осы бұйрықтың 1, 2, және 3 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
6. Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Айтышев М.К. жүктелсін.
8. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

