БҰЙРЫҚ
Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМК) аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның 2025 жылғы 28 тамыздағы № 30-О хаттамасы негізінде
БҰЙЫРАМЫН:
- Ақтөбе қ., «АК МЕТРОЛОГ» ЖШС-ның калибрлеу зертханасының 13.10.2022 жылғы № KZ.K.05.E1342 аккредиттеу аттестаты қайтарылып алынсын.
- «ҰАО» РМК-ң мониторинглеу және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты еңгізсін.
- «ҰАО» РМК-ң цифрландыру бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
- Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілеріне хабардар етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды «ҰАО» РМК-ң Бас директорының орынбасары А.О. Мамбетаевқа жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

