Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2022 жылғы 05 тамыздағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының
№ 497 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1.ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) «Южный Инкай» кенішінің физика-химиялық зертханасы «Оңтүстік тау-химиялық компаниясы» бірлескен кәсіпорны» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Түркістан облысы, Созақ ауданы, Тайконур кенті;
2) «Актюбстройхиммонтаж» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Ақтөбе қ.;
3) «Жамбылхимстрой» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Тараз қ.;
4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының сынақ орталығы, Атырау қ.;
2. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты аккредиттеу аттестаты келесі ұйымдарға қайта ресімделсін:
1) «ЕПК Степногорск» АҚ-ң сынақ орталығы, Степногорск қ.;
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің, Алматы қаласы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының медициналық зертханасы,
Алматы қ.;
3) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және метрология институты» ШЖҚ РМК біліктілікті тексеру провайдері, Нұр-Сұлтан қ.;
3. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты аккредиттеу аттестаты келесі ұйымдарға қайта ресімделсін:
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалының сынақ орталығы, Алматы қ.;
2) Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» ШЖҚ РМК Атырау облысы бойынша филиалының сынақ зертханасы, Атырау қ.;
3) «ЗерноАгроЭксперт» ЖШС-ң сынақ орталығы, Петропавл қ.;
4) «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ң «Семей» филиалының өнімдері мен қызметтерінің сәйкестігін растау жөніндегі органның, Семей қ.
4. Мекенжай атауының өзгеруіне байланысты Семей қаласындағы «Семей» филиалы «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ң сынақ орталығы, Семей қ. аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
5. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Ұлттык аккредиттеу орталыгы) құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың 1 тармағында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
6. Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Мұхтар Е.С. жүктелсін.
8. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді
Бұйрық № 1032-ОД 10.08.2022 Аккредиттеу және аккредиттеу аттестаттарын қайта рәсімдеу туралы
Оформите заявку на сайте, мы свяжемся с вами в ближайшее
время и ответим на все интересующие вопросы.

