«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 22.08.2019 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС аккредиттеу жөніндегі орган басшысымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8.1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2021 жылғы 13 қыркүйектен бастап 2021 жылғы 13 желтоқсанға дейін ұзартылсын;
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Теңіз кенты «ККТС» ЖШС-ның салыстырып тексеру зертханасының KZ.P.06.1191 аккредиттеу аттестаты;
Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қ. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының сынақ орталығының KZ.T.07.1141 аккредиттеу аттестаты;
Нұр-Сұлтан қ. «Ecology Business Consulting» ЖШС-ның (стационарлық және жылжымалы зертханалар) сынақ орталығының KZ.T.01.1240 аккредиттеу аттестаты;
Нұр-Сұлтан қ. «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-ның орталық зауыт зертханасының KZ.T.01.1223 аккредиттеу аттестаты;
Нұр-Сұлтан қ. ҚРИ және ДМ ТРМК «Қазақстан метрология институты (ҚазМетрИн)» ШЖҚ РМК салыстырып тексеру зертханасының KZ.P.01.0097 аккредиттеу аттестаты;
Нұр-Сұлтан қ. ҚРИ және ДМ ТРМК «Қазақстан метрология институты (ҚазМетрИн)» ШЖҚ РМК калибрлеу зертханасының KZ.К.01.0100 аккредиттеу аттестаты;
Нұр-Сұлтан қ «АСТ-Техносервис» ЖШС-ның салыстырып тексеру зертханасының KZ.P.01.1232 аккредиттеу аттестаты;
Павлодар қ. «ТУЛПАР» Автотехникалық қаржылар маманданған сынау орталығы» ЖШС-ның сынақ зертханасының KZ.T.14.0117 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бірінші бас директордың орынбасары Е. Мұхтарға жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

