Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2020 жылғы қыркүйек айының 29 күнгі аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 85 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
1.1 Келесі аккредиттеу субъектінің аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты:
Атырау қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ң Атырау филиалының сынақ орталығы;
1.2 Келесі аккредиттеу субъектінің мекен-жайы атауының өзгеруіне байланысты:
Шымкент қ., «Энергомера-I» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
1.3 Келесі аккредиттеу субъектінің мекен-жайы өзгеруіне байланысты:
Нұр-Сұлтан қ., «SAPA-A» фирмасы» ЖШС-ң өнімдердің сәйкестіктігін растау жөніндегі органы.
2. «ҰАО» ЖШС-ң талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-ң веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары осы бұйрықта көрсетілген аккредиттеу субъектілеріне берілсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-ң Бас директорының орынбасары В.А. Томасевичке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

