«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан метрология институты» ШЖҚ РМК біліктілікті тексеру провайдерінің 2019 жылғы 5 тамыздағы № KZ.C.01.1512 аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2024 жылғы 5 тамыздан 2024 жылғы 5 қарашаға дейін ұзартылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторингілеу және талдау департаменті тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне, «ҰАО» РМК веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ның Бас директорының орынбасары Н. Шоқбарбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2024 жылғы 5 тамыздан бастап туындайтын қатынастарға таралады.

