«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2024 жылғы 9 тамыздан 2024 жылғы 9 қарашаға дейін ұзартылсын:
1) Көкшетау қ., «Көкшетау жолдары» ЖШС сынақ зертханасының № KZ.T.03.1494 аккредиттеу аттестаты;
2) Алматы қ., «Т-Стандарт» ЖШС өнімдердің сәйкестігін растау жөніндегі органның № KZ.О.02.0525 аккредиттеу аттестаты;
3) Алматы қ., «Т-Стандарт» ЖШС сертификаттау сынақ орталығының KZ.T.02.0519 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторингілеу және талдау департаменті тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне, «ҰАО» РМК веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ның Бас директорының орынбасары Н. Шоқбарбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

