Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2021 жылғы 8 қыркүйектегі аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 440 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ҚР СТ ISO 15189-2015 «Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес келесі аккредиттеу субъектісі аккредиттелсін:
Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «№7 Қалалық клиникалық аурухана» МКК клиникалық-диагностикалық зертханасы, Алматы қ.
2.ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес:
1.1 Келесі ұйымдардың сынақ зертханалары аккредиттелсін:
«Қазақ Құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты (ҚазҚСҒЗИ)» АҚ сынақ орталығы, Алматы қ.;
«Орда Проект Консалтинг» ЖШС сынақ зертханасы, Қызылорда қ.;
«Центр Безопасности LTD» ЖШС стационарлық және жылжымалы сынақ зертханасы, Ақтобе қ.;
«Интегро Эксперт Казахстан» ЖШС сынақ зертханасы, Алматы қ.;
«Батыс су арнасы» ЖШС сынақ зертханасы, Орал қ.;
«Научно-технический центр «Промышленная технология» ЖШС бұзылмайтын бақылау және техникалық диагностика сынақ зертханасы, Тараз қ.;
«Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша экология департаменті» РММ зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің сынақ зертханасы, Қарағанды қ.;
2.2 Келесі ұйымдардың салыстырып тексеру зертханалары аккредиттелсін:
«Qaz Bio Medical» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы, Нұр-Сұлтан қ.;
«АрселорМиттал Темиртау» АҚ Көмір департаментінің «Углесервис» мамандандырылған шахтомонтаждау-реттеу кәсіпорнының салыстырып тексеру зертханасы, Қарағанды қ.
3. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
3.1 Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу саласының кеңейтуіне байланысты:
«SAPA-А» фирмасы ЖШС өнімдерінің сәйкестігін растау жөніндегі орган, Нұр-сұлтан қ.;
«Технологии Шумозащиты» ЖШС сынақ зертханасы, Алматы қ.
3.2 Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты:
«Казахстанское агентство экспертизы и сертификации «Союз Евразия» ЖШС менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі Орган, Ақтау қ.;
«Орал-Жер» ЖШС сынақ орталығы, Орал қ.
3.3 Келесі аккредиттеу субъектінің ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және салыстырып тексеру зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты:
«КазТрансОйл» АҚ «Центр исследований и разработок» филиалының сынақ зертханасы, Алматы қ.
3.4 Келесі аккредиттеу субъектінің мекен жайының өзгеруіне байланысты:
«Фирма Торговая палата» ЖШС өнімдері мен қызметтерінің сәйкестігін растау жөніндегі орган, Нұр-Сұлтан қ.
4. «ҰАО» ЖШС-ң Құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың жоғарыда айтылған 1 және 2 тармақтарда көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттар жасасын.
5. «ҰАО» ЖШС талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары Е.С. Мұхтарға жүктелсін.
7. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

