Қазақстан Республикасы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК 2024 жылғы 8 тамыздағы № 208 материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының хаттамалары негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17065-2013 «Сәйкестікті бағалау. Өнімді, процестерді және қызметтерді сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес Алматы қ., «Казсертика-А» ЖШС-ң өнімдері мен қызметтерінің сәйкестігін растау жөніндегі органы аккредиттелсін.
2. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) Алматы қ., «Almaly Engineering» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
2) Рудный қ., «РудПромстрой» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
3) Тараз қ., «Арматуралық Тараз зауыты» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
4) Қаскелең қ., «АрхЗемПроект» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
5) Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жібек Жолы ауылдық округі, Жібек Жолы ауылы, «OrganicLAB» ЖШС-ң Қарасай филиалының сынақ зертханасы;
6) Павлодар қ., «Павлодар-Водоканал» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
7) Алматы қ., «Прикаспийский центр сертификации» ЖШС филиалының сынақ орталығы;
8) Құлсары қ., Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының Құлсары қалалық бөлімшесінің Атырау облысы бойынша сынақ орталығы.
3. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты Павлодар қ., «Инсервис- Қазақстан» ЖШС-ң мобильді сынақ зертханасының аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
4. Аккредиттеу субъектісінің атауы өзгеруіне байланысты Жезқазған қ., «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС сапа қызметінің «Метрология өлшеу құралдарын инспекциялау» мамандандырылған кәсіпорны Жезқазған өңірлік басқармасының Жезқазған өңірлік өлшеу құралдары цехының өлшеу құралдарын тексеру зертханасынан Жезқазған қаласының «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС сапаны басқару дирекциясының «Қазақмыс Сервис» мамандандырылған кәсіпорнының Жезқазған өңірінің өлшеу құралдары цехының өлшеу құралдарын тексеру зертханасы аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
5. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМҚ) Құқықтық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаменті осы бұйрықтың 1 және 2 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
6. «ҰАО» РМҚ Талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты орналастырсын.
7. «ҰАО» РМҚ Цифрландыру департаменті осы бұйрықты интернет- ресурста орналастырсын.
8. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Н.Т. Шоқбарбаевқа жүктелсін.
9. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

