Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 4 тармағына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комиссиясының 2024 жылғы 8 тамыздағы № 17-В хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Павлодар қ., «Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша экология департаменті» РММ зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің сынақ зертханасының 27.08.2019 жылы берілген № KZ.T.14.0350 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын «Атмосфераға өнеркәсіптік шығарындылар (стационарлық көздер, ұйымдастырылмаған көздер)» бойынша аккредиттеу саласының бөлігі қайта жаңғартылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Цифрландыру департаменті осы бұйрықты нтернет-ресурста орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

