«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мониторинг және талдау департаменті «АвтоСертАктау» ЖШС сынақ зертханасының 24.05.2023 жылғы № KZ.T.13.2526 аккредиттеу аттестатын қолданылуын 2025 жылдың 01 ақпанға дейін тоқтату туралы тиісті ақпаратты Аккредиттелген субъектілер тізіліміне енгізсін және осы ақпаратты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК-ң веб-сайтына орналастырсын.
2. Құқықтық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаменті аккредиттеу аттестатының қолданылуын тоқтата тұру туралы хабарламаны аккредиттеу субъектісіне жіберсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

