«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының 06.08.2025ж. № 5512-25-00-3ж/99 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне мәліметтерді енгізу туралы» «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК Бас директордың міндетін атқарушының 2025 жылғы 17 шілдедегі № 804-ОД бұйрығының 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«1. Мониторинг және талдау басқармасы 30.06.2021 жылғы № KZ.T.14.E0364 «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Павлодар филиалы сынақ орталығын 2026 жылғы 11 қаңтарына дейін, аккредиттеу аттестатының «асфальтбетон жол, әуеайлақ және асфальтбетон қоспалары» 585, «қиыршық тас-мастикалық Полимерасфальтбетон жол, әуеайлақ және қиыршық тас-мастикалық полимерасфальтбетон қоспалары» 588-тармақтары бойынша аккредиттеу облысының бөлігінде қолданылуын тоқтата тұруға қатысты мәліметтерді аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін.».
2. Цифрлау бөлімі тиісті ақпаратты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК-ң веб-сайтына орналастырсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық 2025 жылдың 25 тамызынан бастап күшіне енеді.

