Қазақстан Республикасы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО») РМК аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның отырысының 2026 жылғы 07 шілдедегі № 31 хаттамасы
негізінде БҰЙЫРАМЫН:
-
ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдар аккредиттелсін:
1) Түркістан облысы, Кеңтау қ., Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-ның Түркістан облысы бойынша филиалының Кентау қалалық бөлімшесінің сынақ орталығы,
2) Алматы қ., «BCN Group» ЖШС-нің жол-құрылыс сынақ зертханасы,
3) Атырау облысы, Атырау қ., «Бастау Дос Сервис» ЖШС-нің сынақ зертханасы,
4) Өскемен қ., «Өскемен конденсатор зауыты» ЖШС-нің электротехникалық жабдықтар және халық тұтынатын тауарларды сынау орталығы,
5) Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, «Уралводпроект» ЖШС-нің сынақ зертханасы,
6) Атырау қ., Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «Қазгидромет» ШЖҚ РМК-ның Атырау облысы бойынша филиалының қоршаған ортаны мониторингтеу кешенді зертханасы,
7) Қарағанды қ., «Инжиниринговая Компания «МунайГаз» ЖШС-нің салыстырып тексеру зертханасы.
2. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты:
1) Алматы қ., «KAZ-Certificate» ЖШС-нің сынақ зертханасының 16.11.2022 жылғы № KZ.T.02.E1386,
2) Орал қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ өнімдердің және қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі органның Батыс Қазақстан филиалының 02.10.2024 жылғы № KZ.O.01.0317 №1 Қосымшасы (ЕАЭО Сәйкестікті бағалау органдарының бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігіндегі ақпарат жаңартылуымен бірге),
3) Атырау қ., Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Атырау облысы бойынша филиалының сынақ орталығының 10.08.2022 жылғы № KZ.T.06.E1246 (ЕАЭО Сәйкестікті бағалау органдарының бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігіндегі ақпарат жаңартылуымен бірге),
4) Шымкент қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ның Оңтүстік Қазақстан филиалының сынақ зертханасының 05.06.2024 жылғы KZ.T.16.0263 аккредиттеу аттестаттары қайта рәсімделсін.
3. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты Атырау облысы, Жылыой ауданы, Теңіз мұнай кен орны, «Тенгизшевройл» ЖШС-нің салыстырып тексеру зертханасының 15.06.2022 жылғы № KZ.P.06.E1113 аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін.
4. ЕАЭО сәйкестікті растау жөніндегі органдарының бірыңғай тізімнің ұлттық бөлігіне келесі төменде көрсетілген аккредиттелген субъекттері еңгізілсін:
1) Түркістан облысы, Кеңтау қ., Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-ның Түркістан облысы бойынша филиалының Кентау қалалық бөлімшесінің сынақ орталығы,
2) Өскемен қ., «Өскемен конденсатор зауыты» ЖШС-нің электротехникалық жабдықтар және халық тұтынатын тауарларды сынау орталығы.
-
«ҰАО» РМК Құқықтық және кадрлық жұмыс басқармасы осы бұйрықтың 1 тармағында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
-
«ҰАО» РМК мониторинглеу және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты еңгізілсін.
-
«ҰАО» РМК цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК интернет-ресурста орналастырсын.
-
Осы бұйрықтың орындалуын бақылау 5-тармақ бойынша - Аппарат басшысы А. Арыстанбаевқа жүктелсін, 6 және 7 тармақтар бойынша – өзіме қалдырамын.
-
Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

