Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 4 тармағына
сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комиссиясының 2021 жылдың 2 қырқүйектегі № 421-В хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Қостанай қ., «Диагностика KST-2012» ЖШС-ң сынақ зертханасының 2017 жылдың қазан айының 27 күні берілген
№ KZ.T.11.1952 аккредиттеу аттестаты қайтарылып алынсын.
2. «ҰАО» ЖШС-ң талдау және мониторинг Департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-ң веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-ң Бас директорының бірінші орынбасары Е.С. Мұхтарға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

