Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 22 бабының 7 тармағына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комиссиясының 2024 жылғы ақпан тамыз 1 күнгі № 207 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Ақтөбе қ., «ЗапКазЭкспертиза» ЖШС-ң сапаны бақылау және диагностика зертханасының аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеуден бас тартылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Цифрландыру департаменті осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
4. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Н.Т. Шоқбарбаевқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

