«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, және аккредиттеуден кейінгі шарттың 8.2 тармағы негізінде, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2022 жылғы 17 қаңтардан 2022 жылғы 17 сәуірге дейін ұзартылсын:
Орал қ., «VB Белес» ЖШС бұзбай бақылау сынақ зертханасының № KZ.И.09.1269 аккредиттеу аттестаты;
Тараз облысы, «Сараптама» ЖШС сынақ орталығының № KZ.T.08.1829 аккредиттеу аттестаты.
2. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2022 жылғы 17 қаңтардан 2022 жылғы 4 наурызға дейін ұзартылсын:
Қарағанды қ., «Центрэнергомеханизация» ЖШС «Техникалық диагностика және бақылау» сынақ зертханасының KZ.И.10.1260 аккредиттеу аттестаты;
Павлодар қ., «2S GROUP» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.14.1834 аккредиттеу аттестаты.
3. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

