«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 22.08.2019 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС аккредиттеу жөніндегі орган басшысымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8.1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2021 жылғы 08 қаңтардан бастап 2021 жылғы
08 сәуірге дейін ұзартылсын;
Өскемен қ, «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ-ның № 10 цех комбинатының орталық зертханасы KZ.Т.07.1063 аккредиттеу аттестаты;
Өскемен қ, «ECO AIR» ЖШС-ның сынақ зертханасы KZ.И.07.1077 аккредиттеу аттестаты;
Қарағанды қ, «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» АҚ-ның «Орталық жүйсаралық электр тораптары» филиалының олшеу жүйесі мен метрология қызметінің салыстырып тексеру зертханасы KZ.П.10.1113 аккредиттеу аттестаты ұзартылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасары Е. Мұхтарға жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 2021 жылғы 08 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

