Қылмыстық істер жөніндегі Кассациялық соттың 2025 жылғы 27 қарашадағы № 6003-25-00-3к/730 қаулысы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК-ның «Аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне мәліметтерді енгізу туралы» 2025 жылғы 11 қарашадағы № 1464-ОД бұйрығының күші жойылсын.
2. Мониторинг және талдау басқармасы «Астанинский весовой завод» ЖШС сынақ зертханасының 2024 жылғы 05 қарашадағы № KZ.P.01.2209 аккредиттеу аттестатының 2026 жылғы 6 қаңтардан бастап қолданылуы туралы мәліметтерді Аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін.
3. Цифрландыру бөлімі тиісті ақпаратты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК веб-сайтында орналастырсын.
4. Құқықтық және кадр жұмысы басқармасы аккредиттеу субъектісіне аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне мәліметтерді енгізу туралы хабарлама жіберсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2026 жылғы 6 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

