Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының
2) тармақшасына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комиссиясының 2019 жылғы желтоқсан айының 12 күнгі №79-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Алматы қ., «QS Azia Sertik» ЖШС-ң сәйкестігін растау жөніндегі органның 2015 жылдың қыркүйек айының 15 күні берілген №КZ.О.02.0802 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын аккредиттеу саласының 004/2011 «Төмен вольтты жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» КО ТР бойынша бөлігі жарамсыз танылсын.
2. «ҰАО» ЖШС-нің талдау және мониторинг Департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне және Қазақстан Республикасы сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология Комитетін хабардар етсін.
4. Аккредиттеу жөніндегі комиссияның хатшысы сарапшы-аудиторлардың жауапкершілігіне және өнім айналымына қатысты мәселені қарау туралы материалдарды Қазақстан Республикасы сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне жіберсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-ң Бас директорының орынбасары К.Н. Тайжановқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

