«Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы No 285 Жарлығына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Интергаз Орталық Азия» акционерлік қоғамының «Инженерлік-техникалық орталығы» филиалының метрология бөлімінің және аналитикалық құралдарын салыстырып тексеру зертханасының 2015 жылдың 22 мамырдағы KZ.P.09.0696 аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі төтенше жағдайдың күшінде болу кезеңінде 2020 жылғы 22 мамырдан 2020 жылғы 17 шілдеге дейін ұзартылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектіні хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасары В.А. Томасевичке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2020 жылғы 22 мамырдан бастап туындайтын қатынастарға таралады.

