Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2020 жылғы желтоқсан айының 31 күнгі аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 114 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес:
1.1 Келесі ұйымдардың сынақ зертханалары аккредиттелсін:
Қостанай қ., «Северо-Казахстанская Геологоразведочно-Аналитическая компания Плюс» сынақ зертханасы ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Орал қ., «Желаев астық өнімдері комбинаты» АҚ-ң өндірістік-технологиялық зертханасы;
2. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
2.1 Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты:
Нұр-Сұлтан қ., «САПА СЗ» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Қызылорда қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ң Қызылорда филиалының сынақ зертханасы;
Жамбыл облысы, «Амангелді Газ» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Алматы қ., «ТелСет» ЖШС-ң сынақ орталығы;\
2.2 Келесі аккредиттеу субъектілерінің ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты:
Нұр-Сұлтан қ., «KazCertTelecom» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
Алматы қ., «Атмосфера» ЖШС-ң Эколого-аналитикалыќ зертханасы;
Түркістан облысы, «Д.А.С.-Контроль-Сервис» ЖШС-ң жылжымалы сынақ зертханасы;
Атырау қ., «Zhuldyz NDT» (Жулдыз НДТ) ЖШС-ң техникалық диагностика және бұзбай бақылау жылжымалы сынақ зертханасы;
Атырау қ., «Ескерт Қызмет Ратледж» ) ЖШС-ң бұзбай бақылау сынақ зертханасы;
2.3 Келесі аккредиттеу субъектілерінің қайта ұйымдастыруына байланысты:
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан метрология институты» (ҚазМетрИн) ШЖҚ РМК-ң Оңтүстік Қазақстан филиалының калибрлеу зертханасы атауы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және метрология институты» ШЖҚ РМК-ң калибрлеу зертханасы атауына өзгеруіне байланысты;
2.4 Келесі аккредиттеу субъектілерінің мекен-жайы өзгеруіне байланысты:
Нұр-Сұлтан қ., «Green Benefits» ЖШС-ң парниктік газдарды валидациялау және верификациялау жөніндегі органы.
3. «ҰАО» ЖШС-ң Құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың жоғарыда айтылған 1 тармақта көрсетілген аккредиттеу субъектісімен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттар жасасын.
4. «ҰАО» ЖШС-ң талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-ң веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары осы бұйрықта көрсетілген аккредиттеу субъектілеріне берілсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-ң Бас директорының орынбасары Е.С. Мұхтарға жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

