Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 4 тармағына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комиссиясының 2020 жылғы желтоқсан айының 23 күнгі № 111-В хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Алматы қ., «Казахстанский центр технической экспертизы и сертификации эскалаторов и лифтов» ЖШС-ң сынақ зертханасының 2019 жылдың қазан айының 24 күні берілген № KZ.T.02.0216 аккредиттеу аттестатын қайты жаңғыртудан бас тарту.
2. «ҰАО» ЖШС-ң талдау және мониторинг Департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-ң веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне және Қазақстан Республикасы сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология Комитетін хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-ң Бас директорының орынбасары К.Н. Тайжановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

