Қазақстан Республикасы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМҚ) 2024 жылғы 23 тамыздағы № 214 материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының хаттамалары негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) Алматы қ., «TA ELITE BUSINESS GROUP («ТИЭЙ ЭЛИТ БИЗНЕС ГРУПП»)» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
2) Атырау қ., «Атырауская нефтехимическая компания» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
3) Жезқазған қ., Техникалық және талдамалық бақылау басқармасының № 1,2,3 Жезқазған байыту фабрикаларының рентген-спектрлік талдау зертханасы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС сапаны басқару дирекциясының техникалық бақылау Жезқазған өңірінің департаментінің сынақ зертханасы;
4) Атырау қ., «ARISE KAZAKHSTAN» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
5) Астана қ., «АА-Экология» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
6) Қызылорда қ., «СПФ Монтажспецстрой» ЖШС-ң сынақ орталығы;
7) Астана қ., «A2 compan» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
2. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) Орал қ., «Enbek Group Kazakhstan» ЖШС-ң сынақ зертханасының;
2) Ақтөбе қ., «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ң Ақтөбе филиалының калибрлеу зертханасының;
3. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты Астана қ., «ASTANA ROADS» ЖШС-ң сынақ зертханасының аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
4. Аккредиттеу субъектісінің мекенжай атауының өзгеруіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) Ақтөбе қ., «ПРОМТЕХЭКСПЕРТИЗА» ЖШС-ң сынақ зертахасының;
2) Атырау облысы, Мақат ауданы, вахталық кенттің тұрғын аймағы, «НОРТ КАСПИАН ОПЕРЕЙТИНГ КОМПАНИ Н.В.» филиалының сынақ зертханасының;
3) Атырау қ., «Атырауинжстрой-АИС» сынақ зертханасының;
4) Астана қ., «КАЗАХСТАНСКИЙ ЦЕНТР СЕРТИФИКАЦИИ НА ЖЕЛЕЗНОДОРОЖНОМ ТРАНСПОРТЕ» ЖШС-ң өнімдер мен қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі органның;
5. Аккредиттеу субъектісінің атауының өзгеруіне байланысты Астана қ., «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ жылжымалы сынақ зертханасынан (орталығы) / Астана қ., «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ стационарлық жылжымалы сынақ зертханасына (орталығы) аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
6. Аккредиттеу субъектісінің орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты Астана қ., «Центр качества «Независимый Эксперт» ЖШС-ң менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі орган аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
7. «ҰАО» РМҚ Құқықтық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаменті осы бұйрықтың 1 тармағында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
8. «ҰАО» РМҚ Талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты орналастырсын.
9. «ҰАО» РМҚ Цифрландыру департаменті осы бұйрықты интернет- ресурста орналастырсын.
10. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Б.С. Еримбетовке жүктелсін.
11. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

