Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабының
5-тармағының 2-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Metrology KZ» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының 2020 жылғы 12 тамыздағы № KZ.P.12.2367 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
2. «Нұр-Бидай» ЖШС сынақ орталығының 2020 жылғы 16 шілдегі № KZ.T.03.2344 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
3. «Республиканский центр почвы» ЖШС сынақ зертханасының 2020 жылғы 12 тамыздағы KZ.T.03.2359 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
4. «Оздоровительный центр Paянa» ЖШС медициналық зертханасының 2020 жылғы 12 қантардағы KZ.M.02.1594 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
5. «КазСертЦентр» ЖШС сәйкестігін растау жөніндегі органның 2022 жылғы 25 наурыздағы KZ.Q.02.E0901 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
6. «Научно-исследовательский институт строительного производства» ЖШС сынақ зертханасының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы KZ.T.10.0886 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
7. «Иртыш-Стандарт» ЖШС сәйкестігін растау жөніндегі органның 2020 жылғы 25 ақпандағы KZ.O.14.0496 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
8. Аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті үш жұмыс күні ішінде бұл туралы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне жазбаша хабардар етсін.
9. Мониторингтеу және талдау департаменті сәйкесінше ақпаратты Аккредиттелген субъектілер тізіліміне енгізсін және оны «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК веб-сайтына орналастырсын.
10. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Бас директордың орынбасары И.В. Хамитовқа жүктелсін.
11. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бұйрық 1550-ОД 04.12.2023 жылғы Аккредиттеу аттестаттарының қолданысын тоқтату туралы
Оформите заявку на сайте, мы свяжемся с вами в ближайшее
время и ответим на все интересующие вопросы.

