Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес 2023 жылғы 8 қарашадағы № 309 материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) Астана қ., «Aqtay avtosertif» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
2) Риддер қ., «Казцинкмаш» өнеркәсіптік кешенінің «Казцинк» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
2. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты Алматы қ., «Казахстанский центр поверки и калибровки» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасының аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін.
3. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
1) Алматы облысы, Қарасай ауданы, Иргелі ауылдық округі, Кемертоған ауылы, «ТрансАвто Алматы» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
2) Алматы облысы, Қарасай ауданы, Иргелі ауылдық округі, Кемертоған ауылы, «Қазтест-Алматы» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
3) Алматы қ., «Qolik Sertif Almaty» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
4) Алматы қ., «КРАНЭНЕРГО ЛТД» ЖШС-ң өнімдері мен қызметтерінің сәйкестігін растау жөніндегі органы.
4. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМҚ) аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті осы бұйрықтың 1 тармағында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
5. Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Шоқбарбаев Н. Т. жүктелсін.
7. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бұйрық № 1389-ОД 09.11.2023 жылғы. Аккредиттеу және аккредиттеу аттестаттарын қайта рәсімдеу туралы
Оформите заявку на сайте, мы свяжемся с вами в ближайшее
время и ответим на все интересующие вопросы.

